Экологиялық проблемаларды талқылауға салған дебат ойыны

22.11.2021 жылы экологиялық мәселелерге келешек ұрпақтың назарын аудару мақсатында «Самрұқ» дебат клубының қатысуымен  экология және демография тақырыптарында жатақханада көрсетілім ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар халық санының өсуі мен экологиялық проблемалардың байланысын, мемлекет саясатының әлемдік экологияға әсерін талқыға салды. Екі тарапта да әртүрлі шешімдер ұсынып, көрермендерге экология мәселесін жаңа қырынан танытты.

Ойын нәтижесінде «Халық санының өсуі әлемдік экологияға кері әсерін тигізеді»- деген позицияны ұстанған үкімет фракциясы жеңіске жетті. Бұл іс-шара жастар арасында тіл тазалығын дамытатын, өз ойын түсінікті, әрі аргументативті  түрде  жеткізуге бағыттайтын дебатқа деген жаңа мектеп мүшелерінің қызығушылығын тудыруда да септігін тигізді.

Болашақ ұрпақтың бойында қоршаған ортаға деген жанашырлық қасиеттің болуы шарт және сол дағдыларды дамытуда ат салысу – әркімнің  парызы.