Білім кілті кітапта

«Адам өмір бойы оқу керек» деп айтылған сөзде аса терең ұғым жатыр. Қостанай қаласында орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектебі қаладағы маң­дай алды мектептердің бірі деп те айтуға болады. Сондықтан да, біздің түлектердің басқа орта мектеп түлектерінен ерекшелігі мен артықшылығы неде?

Мектеп оларды өз саласын терең меңгеруге және кез келген ортада өз пікірін, өзін қорғауға тәрбиелейді. Назарбаев Зияткерлік мектебі «100 кітап, 100 ән» жобалары алдын – ала дайындалған тізімі бойынша іске асуда. Биыл да осы жоба бойынша бірнеше жұмыстар атқарылды. Соның бір саласы жатақханада орындалуда.

Тәрбиешілер мен мектеп кітапханашыларымен біріге отырып, 7 мен 8 сынып оқушыларын «Жетістік сапары» атты жобаға қатыстырып, әр шағын жетістікке жетуді көздедік. Аптаның әр сейсенбі күні кітапханада, ал жатақханада бейсенбі күні іс-шаралар өткізіліп отырады. Әр іс-шараны жоспарымыздың тақырыптарына сай, топ-топпен, жеке орындайтындай өткізуге тырысудамыз.

Бұл жобаның мақсаты — оқушыларға қазақ әдебиеті мен әлем классикасының алтын қорындағы құнды шығармаларды оқытып, сол туындылардың рухани маңыздылығын түсіндіру.

Жоба оқу жыл басынан бастамасын бастап, осы уақыт аралығында бірнеше шығарма оқылып, талданды. Жобаның таңдаған активтері мен үздік оқырмандары ай сайын біраз жұмыстар атқаруда. Жоба бойынша қатысушылар 2 топқа бөлініп, шығармалар екі тілде оқытылуда. Әр топ өз оқыған шығармаларымен бір-бірлерін таныстыру арқасында, жоба мақсатына жетті.

Жоба аясында балалар қалалық, облыстық кітапханаларға барып, жаңа ақпараттар мен мәліметтер алды. Екі топ бірнеше шығармаларды (2 тілде) оқып, талдап, мәнін ашты, түсінбегендерін бір-бірлеріне түсіндіріп, қосымша мәліметтермен танысуда.

Бұл өмірде барлық адамдарға ақпарат қол жетімді, бірақ барлығы оны пайдалана бермейді. Шындығында, адамдар айына бірнеше сағат ғана оқиды. Күніне тұрақты түрде 50-100 бет оқып бастау аса қиын емес. Басқа адамдар оқитыннан көп оқуға тырысу керек. Жаңа көп ақпаратты біліп, оны пайдалана білу керек.