«Библиосумерки»

Сәуірдің 28 күні кешкі 19.00 – 21.00 аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебінде кітапхана мен жатақхананың ұйымдастыруымен өткізілген «Библиосумерки» іс – шарасы өтті. Бұл іс – шара дәстүрлі түрде әр жыл сайын өткізілуде. Оған жауапты: кітапханашы мен жатақхана тәрбиешілері. Бұл іс – шара «100 кітап» атты жоба аясында жатақхананың оқушыларымен өткізілді.

Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды алдын – ала 3 топқа (әр топта 6 – 7 баладан) бөлініп, топ мүшелерін анықтап, топтарына ат қойды. Кешті жүргізушілер ашты. Топ басшыларына бағыт парақтары таратылып, станцияларға бөлінді. Топтардың белсенділігін, ұйымшылдығын станцияда тұрған жауапты балалар өз бағаларын берді. Әр станциядағы жауапты балалар өз станцияларын безендіріп, қонақтарды қарсы алды. Кеш көңілді өтті.