«Библиосумерки» іс – шарасының барысы

Ақпанның 15 күні кешкі 19.00 – 21.00 аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебінде кітапхана мен жатақхананың ұйымдастыруымен өткізілген «Библиосумерки» іс – шарасы өтті. Бұл іс – шара дәстүрлі түрде әр жыл сайын өткізілуде. Оған жауапты мұғалімдер: Нурмагамбетова А.Б. (кітапханашы), Сеитова Б.Б., Махина Г.Т. (жатақхана тәрбиешілері). Бұл іс — шара «Жетістік сапары» атты жоба аясында жатақхананың оқушыларымен өткізілді. Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды Қызыл телпек, Алиса, Жұлдыз санаушы, және тағы да басқа ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Кешімізді бастамас бұрын жатақхана оқушылары алдын – ала 4 топқа (әр топта 10 – 12 баладан) бөлініп, топ мүшелерін анықтап, топтарына ат қойды. Әр топтың ұраны да болды. Кешті жүргізушілер ашты. Топ басшыларына бағыт парақтары таратылып, станцияларға бөлінді. Топтардың белсенділігін, ұйымшылдығын әділ қазылар өз бағаларын берді. Әр станцияға жауапты балалар тағайындалды. Олар өз станцияларын безендіріп, қонақтарды қарсы алды. Кештің ең қызықты бөлімінің бірі – «Book Dingo» сайысы. Бұл сайыста балалар өз үлестірмелеріне мұқият қарап отырып, санақ бойынша кітаптың атауын тез арада жинау керек болды. Үлгірмеген қатысушыға түрлі қызықты тапсырмаларды орындау ұсынылды. Өз білімдеріне сенімді оқырмандарымыз «Kahoot» ойынында бақ сынасты. Ойын шарты бойынша ең көп ұпайы жинаған топ жеңіске жетеді. Сұрақтар «100 кітап» жобасына қатысты болды. Кітаптар бойынша ұйымдастырылған «Ice Breaking» атты сайысында топ екіге бөлініп жарысты. Сайыс барысында кітаптарға қатысты тапсырмалар берілді. Мысалы: «Ең үлкен кітап», «Тиражы көп кітап», «Басты кейіпкері — жануар» және т.б. Келесі станция — «Blind Date with a Book». Белгілі бір кітаптың аннотациясы бойынша, кітаптың атауын табу. Балалар бұл сайысқа да бар ынталарымен қатысты. Жалпы көрермендермен «Book Bingo» ойыны өткізілді. Лоторея ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Сайыстар арасында ертегі кейіпкерлерімен фотостенд және «Инстаграмм парақшасында» фотосессия ұйымдастырылды. «Библиосумерки» іс – шарасына белсенді қатысушыларына тәтті сыйлықтар мен сертификаттар берілді.