Би-аға туралы тамшылар

16 желтоқсанда жатақхана тәрбиешілері мен оқушылары І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына «Қаламгер» (Би-аға туралы тамшылар) атты спектаклін тамашалауға барды. Аталған қойылым қазақ жазба әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің өмірін арқау етті. Балалар қойылымның режиссурасына, әртістердің кәсіби шеберлігіне тәнті болды. Спектакль көрермендерге өте қатты әсер етті. Біз сол заманның сұмдық үрейін, бір отбасы ғана емес, тұтас қоғамның басынан өткен зұлматты жан-дүниемізбен сезіндік.