«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы»

Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, ұлы ұстаз тарихта орны айрықша зор тұлға. Бүгінде, аталмыш тұлғаның айтулы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Қазақстан бойынша ұлт ұстазының тағылымы мол ғұмырын дәріптеу мақсатында түрлі ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі, Алаш зиялысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай, Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері, тәрбиешілер мен оқушылар қатысты