«Аққан жұлдыз» көрмесіне шолу

9 желтоқсан күні Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Л. Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми  кітапханасына ат ізін салды. Кітапхана қызметкерлері оларға әйгілі қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановқа арналған «Аққан жұлдыз» деп аталатын кітап көрмесін ұсынды. Балалар әр кітапқа жасалған шолуды аса қызығушылықпен тыңдады. Содан соң кітапхана бөлімдері бойынша экскурсия жүргізілді. Экскурсия соңында жас зияткерлер кітапханамыздың оқырмандары қатарына тіркелу туралы ортақ шешімге келді.