Жеңіс күні құтты болсын, құтты болсын, аталар! Ұмытпайды ешқашанда жауынгерді балалар!

Мақсаты: Патриоттық тәрбиелеу бағытында оқушыладың Ұлы Отан соғысы туралы білім-танымын кеңейту, бойына батырлық жігерлік қасиеттерді қалыптыстыру және рухани отансүйгіштік сезімін дамыту.

8 мамыр күні оқушылар Қостанай Жеңіс саябағына шықты. Саябақта орналасқан Ұлы Отан жылдарында қаза тапқан Қостанайлықтардың есімдері жазылған естелік қабырғасының, Батырлар аллеясының және Мәңгілік алаудың тарихымен танысты. Ерекше батылдықпен есте қалған Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов, Әбдіғали Төлегенов, Ахмет Сиддиков атты батырларымызды құрметпен еске алдық. Оқушылар бойында мемориалдармен танысу кезінде аса қызығушылық байқалды. Естелік қабырғасында осы сұрапыл соғыста ер азаматтар мен біздің апаларымыздың өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, Отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аямаған батырлармен таныстырдық. 151-ші атқыштар бригадасының ескерткіш-стеласында оқушылар қатардағы бригада құрамы, жетістіктері туралы білімін кеңейтті. Ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу,әрі ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру сіздердің және біздердің парызымыз!