Абай ата мұрасы

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы — халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Ақынның өмірі мен шығармаларын таныту мақсатында жатақхана тәрбиеленушілеріне Абай жайлы деректі фильм көрсетілді. Фильмде Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалды мұражайындағы заттар, ақынның кітаптары, қолжазбалары, фотосуреттері көрсетілген. Осындай көріністер арасында диктор Абай шығармалары туралы әңгімелеп, ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып тұрады. Алматыда, Москвада өткен еске алу жиындарынан деректі кадрлар, Л. Соболев пен Г. Мүсіреповтың сөйлеген сөздерінен, Р. Абдуллиннің орындауында «Абай» операсынан үзінділер беріледі. М. Әуезовтың сөйлеп тұрған сәтінен көрініс те бар. Сондай-ақ ақынның туған жері Жидебайда, Семейде және Алматыда қойылған ескерткіш тастардың ашылуынан түсірілген кадрлар көрсетіледі. Оқушылар ақынның өмірі мен шығармалары жайлы көптеген мағлұматтар алды және үлкен әсерде қалды.