22 наурыз

Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін жатақхана ұжымы жоғары жауапкершілікпен атап өтті.
Мемлекеттік деңгейде аталып отырған мерекенің негізгі мақсаты: жатақхана мен ата-аналар бір шаңырақтың астында жиналып, жатақхананың негізгі қызметімен, бағытымен ата-аналарды таныстыра отырып, бір сәт жатақхана өміріне белсене қатыстыру.
Мерекелік іс-шара “Отбасы күні” ретінде ұйымдастырылып, “Невербальное общение” атты үйірменің элементтері арқылы эмоционалды интеллект туралы ұғымды практика жүзінде түсіндіріп, «Дәмді және тез», «Асық ату» және «МК все из фетра» атты 3 станцияға ата-аналардың қолына маршруттық қағаз тапсырылды. Ата-аналар әр станцияға белсене қатысып, өздерінің тәжірибелерімен де бөлісе отырды.
Ең соңында барлық ата-аналар дастархан басында жиналып,аса қасиетті – Наурыз көжеден дәм татып, тәтті-дәмді ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, үстел басындағы ата-аналар бір-біріне ақ тілектерін жаудырды, ән шырқады, би жарыстарына қатысты. Бата беріліп, ас қайырылды. Іс-шара өз мақсатына жетті. Әр ата-ана кері байланыс әсерлерін аямай, рахметтерін жаудырып, ризашылықтарын білдіріп, шын жүректен тілектерін тіледі.

Лучезарный праздник  Наурыз  коллектив общежития отметил совместно с родителями. Основная цель праздника ознакомить родителей с направлениями воспитательной работы общежития, а так же за чашечкой чая с вкусными бауырсаками – познакомиться с каждым из родителей по ближе. Праздничное мероприятие «Бір шаңырақ астында» ввиде квеста состояло из посещения пяти станций: «Невербальное общение», «Вкусно и быстро», «Асык ату», МК «Все из фетра», «Дастархан басында».  Родители активно участвовали в каждой станции и делились своим опытом. Наконец, все родители собрались за столом, попробовали Наурыз-коже, национальные блюда, пожелали друг другу добрых пожеланий, спели песни, приняли участие в танцевальных конкурсах. Чаепитие завершилось благословением от старших участников нашего мероприятия.