Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2022 жылдың 9 желтоқсанында Қостанай облысы мектептерінің 6 сынып оқушылары арасында қашықтық олимпиада өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

 

Олимпиада шарттары мен тәртібі

Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысу үшін қатысушылар 2022 жылдың 09 желтоқсанында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін мына сілтеме арқылы тіркелу керек:

https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=yVLbOR7jwkKAg3U1W3KN4-ljg16qJbZDnL0EE5rPpndUNFFaSFRDVzU3WEM3TlVXT1E1R0VBQUdZTy4u

 

2022 жылдың 09 желтоқсанында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін қатысушылар сілтемеге кіру арқылы олимпиада тапсырмаларын орындауы керек:

https://forms.office.com/Pages/ResponsePage.aspx?id=yVLbOR7jwkKAg3U1W3KN42PetETyVFFNgNE1UoTohc1UNUZVMlNGQzEwWFlGN1JaSExGRDhZWjU2MS4u

 

Олимпиада нәтижесі 2022 жылдың 23 желтоқсанда жарияланады. Дипломдарды жүктеп алу үшін төмендегі сілтеме бойынша өту қажет:

https://mailnisedu-my.sharepoint.com/:f:/g/personal/kabdenova_s_kst_nis_edu_kz/ElLLba9unkhBkGEiGbUh6w8BP_OVJ5W88vaW2AqDgkX0vA?e=Ohwpdd

 

Бағалау критерийлері

1. Оқушылардың Абай Құнанбайұлының шығармалары бойынша білімдері бағаланады.

2. Егер ұпай саны бірдей болса, тапсырманы қысқа мерзімде орындаған қатысушыға артықшылық беріледі.

 

Қорытындылау

1. Олимпиаданың нәтижелері орындалған тапсырмалардың нәтижелері бойынша шығарылады.

2. Олимпиаданың жүлдегерлері дипломдармен марапатталады.