“Ұлы дала ақындары” жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ш.Құдайбердиевтің өлеңдерін жатқа оқу сайысы өтті.

Сайысқа әр сыныптан жиырмаға тарта оқушы қатысты. Қатысушылар сайыс шарты бойынша ақынның бір шығармасын жатқа, мәнерлеп оқып беру.

Сайыстың қорытындысы бойынша 12 сынып оқушысы Ибраһим Арғынбай “Актерлік шеберлік” номинациясын, 9 сынып оқушысы Жәнібек Ұзақбай “Көрермен көзайымы номинациясын иеленді.

3 орынды екі оқушы иеленді – 9 сынып оқушысы Наргиз Насырова және 8 сынып оқушысы Мансур Кабидуллов. 2 орынға да екі орын берілді, олар: 7 сынып оқушысы Дария Арсаева және 10 сынып оқушысы Алтынай Қанатқызы. Жүлделі 1 орынды 12 сынып оқушысы Бахыт Гутова иеленді.