ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ПАЙДАСЫ

Міне 2019-2020 оқу жылы да аяқталды, жаз мезгілі де келіп жетті. Мектептің 7 мен 11 сынып оқушылары үшін қашықтан Жазғы мектеп өз жұмысын тәмамдады. 26 мамыры мен 3 маусым аралығында өткен 494 оқушы осы оқу жылында Жазғы мектепке қатысқан болатын.

Жоба бойынша 7, 8, 9-сынып оқушылары қазақ және орыс тілі, математика пәндері бойынша онлайн түрде дайындық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, арнайы 7 сыныптарға Өнер (Art/Music), 8 сыныптарға “Қостанай облысының киелі жерлері”, 9 сыныптарға «Мобильді қосымшаны әзірлеу» бағдарламаларынан құрылған танымдық курстарында білімдерін толықтырды.

10 сыныптар үшін келесі оқу жылына дайындық ретінде таңдау пәндеріне байланысты отрядтарға бөлінді.

Ал жоғары сынып оқушылары халықаралық IELTS емтиханына екі апталық дайындық курстарынан өтті.

Жазғы мектеп бағдарламасы оқу жоспары негізінде және оқушылардың ұсыныстары бойынша дайындалды. Әр оқушы қалауы бойынша екі немесе үш бағыттағы курстарға жазылғандар да болды.

Оқушылар таңертең сағат 10:00-де Microsoft Teams платформасында дене шынықтыру пәні мұғалімдері өткізген таңғы жаттығу командасынан басталып, әрі қарай әр сынып сабақ кестесі бойынша өз курсына қатысты.