СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Бүгін Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Аскақ арманмен жарқын болашаққа» атты мерекелік іс шара онлайн форматында өткізілді.

Биыл Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 613 оқушы бітірді. Олардың 120 мектеп түлегі болса, 3 үздік үлгідегі аттестатқа және 3 Алтын белгіге үміткер. Бүгінгі таңда түлектердің 59 оқушысы шет елдердегі жетекші жоғары оқу орындарына шақырту алса, 10 оқушы Назарбаев Унивеситетіне түсті, қалғандары отандық оқу орындарын таңдады.

Осы салтанатты жиында ата-аналар, мектеп ұстаздары мен бірге мектеп директоры түлектерге өз ізгі ниетпен тілектерін белдірді.

Онлайн жиінның сәнін келтірген түлектердің бейнежолдаулары соңғы қоңырау шарасына өзгеше бір реңк берді. Түлектеріміздің ұстаздарға деген алғыстары соншалық, өз сөз кезектерінде мұғалімдерге сыйлық жасады.

Биылғы оқу жылы мектеп үшін ерекше болды, жыл бойында бірнеше маңызды шараларды атқарылып, жақсы нәтижеге қол жеткізілді. Атап айтатын болсақ қыркүйек айында мектебіміз аккредитациядан сәтті өтуі, мектебіміздің оқушылары Зияткерлік мектептер желісінде республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып “Ең үздік команда – 2019” атағына ие болды, жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысында 3 алтын, бір күміс медалдары мен жүлделі орындар. Оқушыларымыз Балттық ғылыми-инженерлік сайысында 1 орынға ие болды. 11 сынып оқушысы Виктор КОВАЛЬЧУК өз жұмысын рәсімдеп авторлық құқықпен қорғалатын куәлігін алды. Орыс тілі мұғалімі Анастасия Бармина республикалық “Педагогикалық идеялар фестиваліне” қатысып жүлделі 3 орынға ие болды.

Жыл бойында бағындырылған асулар мен алған жетістіктер ұстаздардың атқарып жатқан жүйелі әрі сапалы жұмыстарының арқасында деп білеміз.