Дебат ойыны

2020 жылдың 25 ақпанында біздің жатақханамызда «Бұл Палата жеке тұлға ретінде наным-сенімдерді қабылдамайды» атты тақырыпта дебат өтті. Дебатқа 7 және 8 сынып оқушылары қатысты. Ойын өте қызықты да, тартымды өтті. Оппозиция мен Үкімет мүшелері өз «кейстерін» алдын ала дайындап, өз пікірлерін қорғауға тырысты.

Дебат ойынының соңында әділ-қазылар топтардың жұмысын бағалап, тиісті марапаттарын тапсырды және қатысушылар арасынан үздік спикерді атады. І орынға «Үкімет» тобы иеленді, ал «Оппозиция» тобы алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, Қанатқызы Алтынай «Үздік спикер» атанды. Осы жерде ойынды әділ бағалап, топтарға кеңес берген Сейтхалиева Ақниет, Назарбекова Нұрзат және Сағит Ділназға алғысымызды білдіреміз.