Баланың бір қызығы кітап болса …

Біздің жатақханада «Жетістік сапары» атты жобамыздың жұмыс атқарғанына биыл үшінші жыл болады. Жобамыз 7 сынып оқушыларын қамтиды. Бірінші жартыжылдықта тәрбиешілер мен кітапханашы бірлесе көптеген жұмыстар атқарды. Атап кетсек: «Book Bingo», «Манифест», «Қасиеттерді бөлу», «Құндылықты анықта», «Оқы және басқаларға жеткіз!», «Book Tasting», «Кел, балалар, оқылық!» және тағы да басқа іс – шаралар. Алдағы уақытта кең көлемді «Библосумерки» іс – шарасы жоспарланып отыр.