Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті.

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып тағайындалды. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекет тарихының мерейлі күніне айналды.

Концерт Қазақстан Республикасының президенті туралы «Балалық шағымның аспаны» атты мини-фильмнің трансляциялауынан басталды, үлкен экранда ұлт Көшбасшысына арналған фрагменттер көрсетілді. Осыдан кейін оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Өнерлі жастар туған елге деген сүйіспеншілігі, махаббаты мен армандары жайлы әндерді әуелете шырқады. Концерттік нөмірлер әндермен ғана шектелмеді, сонымен қатар ертеңгі атаулы күнге арналған флешмобта ойналатын домбырашылардың өнерлерін тамашалады.

Бүкіл халық болып тойлайтын айтулы мерекеге арналған концерттің өтуіне мектеп қауымдастығының мұғалімдері, оқушылары және ата-аналары куә болды.